Общественный фонд "КЕҢ ЖҮРЕК"

+77017870044 kenzhurek@gmail.com

Ата-аналарға НҰСҚАУЛЫҚ

Қазақ тіліндегі нұсқасын Word ретінде жүктеп алыңыз

Орыс тіліндегі нұсқасын Word ретінде жүктеп алыңыз

Ата-аналарға НҰСҚАУЛЫҚ

Эпилепсияға арналған тіркелмеген препараттарды алу.

Ресми құжаттардың тізімі:

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы.

27 бап 1 тармақ; 29 бап 1, 2 тармақ; 34 бап 1 тармақ.

2. «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы.»

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексі.

12 бап 1 тармақ 5 тармақша; 115 бап 3 тармақ; 196 бап 5 тармақ; 246 бап 2 тармақ; 78 бап 1, 3 тармақ; 251 бап 3 тармақ 4 тармақша

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-280/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда № 21806 болып тіркелді.

«Нақты пациенттің тіршілік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсету не сирек (орфандық) аурулары және (немесе) жай-күйі бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдану қағидаларын бекіту туралы»

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 желтоқсанда № 21749 болып тіркелді.

«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және "Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы»

5. «Балалар эпилепсиясының» диагностикасы мен емдеудің Клиникалық хаттамасы. ОКК  ОКК №90 хаттамасы.

Тіркелмеген препараттарды алу жүйесі

1. Тұрғылықты жері бойынша емханаға тіркелу. Диспансерлік есепке тіркелу.

2. Емдеуші дәрігердің тіркелмеген препараттар тағайындалған қорытындысы (нұсқаулық, кеңестік парақша). Өмірлік көрсеткіштері бойынша қолданудың негіздемесі.

3. Жергілікті бюджет есебінен тіркелмеген препараттармен қамтамасыз ету өтінішімен емхананың бас дәрігерінің атына хат жолдау. Екі данада жазылады. Хатты емхананың канцеляриясында тіркеп, екі данасына да кіріс нөмірін қойдыру қажет. Біреуін өзіңе, біреуін емханада қалдыру қажет. Жауап 15 жұмыс күні өткен соң берілуі тиіс.

Хат нұсқасы.

 

«ШЖҚ МКК №100 Қалалық емхана»

Бас дәрігері

А.А. Антоновқа

И.А. Ивановадан

 

Мен, Иванова И.А., мүгедектігі бар, жалпы эпилепсия, церебралды паралич, оптикалық жүйке атрофиясы диагнозымен диспансерлік есепте тұрған, 01.01.2015 жылы туылған, ЖСН150101010101, Иванов Иван Ивановичтің анасымын. Мүгедектік 2016 жылы белгіленген. Бала эпилептологтың, балалар невропатологының, хирургтің, офтальмологтың тұрақты бақылауында.

 

Менің балам Қазақстан Республикасы аумағында тіркелмеген эпилепсияға қарсы дәрілерді тұрақты түрде қабылдайды:

-  фризиум (мнн клобазам) , тәуліктік дозасы 200 мг.

- осполот (мнн сультиам), тәуліктік дозасы 10 мг.

Негізгі терапия, ұзақ мерзімді.

 

Сізден тіркеуге алынбаған дәрі-дәрмектерді өмірлік көрсеткіштері бойынша қабылдайтын науқас жайында Денсаулық сақтау басқармасына (Облыстық денсаулық сақтау басқармасына) хабардар етіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 12 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына сәйкес И.И.Ивановты жергілікті бюджет есебінен тіркелмеген препараттармен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдау жайында өтініш жасауыңызды сұраймын.

 

Жауапты заң жүзінде белгіленген мерзімде, жазбаша түде, хат жолданған тілде берулеріңізді сұраймын.

 

Тіркелген құжаттар:

1. Иванова И.И. мүгедектігі жайлы анықтама

2. Эпилептологтың қорытындысы

3. Невропатологтың қорытындысы

01.01.2021

Қолы

Қазақ тіліндегі нұсқасын Word ретінде жүктеп алыңыз

Орыс тіліндегі нұсқасын Word ретінде жүктеп алыңыз