Общественный фонд "КЕҢ ЖҮРЕК"

+77017870044 kenzhurek@gmail.com

Емханаларға нұсқаулық

Қазақ тіліндегі нұсқасын Word ретінде жүктеп алыңыз

Орыс тіліндегі нұсқасын Word ретінде жүктеп алыңыз

ЕМХАНАЛАРҒА НҰСҚАУЛЫҚ

Эпилепсияға арналған тіркелмеген препараттарды алу

Ресми құжаттардың тізімі:

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы.

27 бап 1 тармақ; 29 бап 1, 2 тармақ; 34 бап 1 тармақ.

2. «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы.»

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексі.

12 бап 1 тармақ 5 тармақша; 115 бап 3 тармақ; 196 бап 5 тармақ; 246 бап 2 тармақ; 78 бап 1, 3 тармақ; 251 бап 3 тармақ 4 тармақша

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-280/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда № 21806 болып тіркелді.

«Нақты пациенттің тіршілік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсету не сирек (орфандық) аурулары және (немесе) жай-күйі бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдану қағидаларын бекіту туралы»

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 желтоқсанда № 21749 болып тіркелді.

«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және "Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы»

5. «Балалар эпилепсиясының» диагностикасы мен емдеудің Клиникалық хаттамасы. ОКК  ОКК №90 хаттамасы.

Тіркелмеген препараттарды алу жүйесі.

Емхана:

1. Тіркелмеген препараттарды қабылдайтын балаларды анықтау. Тіркелмеген дәрілерді тағайындау туралы қорытындылар, нұсқаулар.

2. Дозасы мен жылдық қажеттілігі көрсетілген кесте дайындау.

3. Әр балаға арналған толық мәліметтерді қоса отырып Денсаулық сақтау басқармасына (Облыстық денсаулық сақтау басқармасына) өтінім жасау.

Денсаулық сақтау басқармасы/Облыстық денсаулық сақтау басқармасы:

4. Мәслихатқа шешім қабылдау үшін өтінім қалыптастыру. Бір реттік импорттау рәсіміне құжаттарды дайындау.

Өтініш нұсқасы

Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы

Антонов А.А.

 

Өтініш

Сізге «ШЖҚ МКК «№100 Қалалық емхана» қызмет көрсету аумағында жалпы эпилепсия, церебралды паралич, оптикалық жүйке атрофиясы диагнозымен диспансерлік есепте тұрған,

01.01.2015 жылы туылған, ЖСН150101010101, Иванов Иван Иванович тұратыны жайлы хабарлаймын. Мүгедектік 2016 жылы белгіленген. Бала эпилептологтың, балалар невропатологының, хирургтің, офтальмологтың тұрақты бақылауында.

Науқасқа Қазақстан Республикасы аумағында тіркелмеген эпилепсияға қарсы дәрілер тұрақты түрде қабылдау тағайындалған:

-  фризиум (мнн клобазам) , тәуліктік дозасы 200 мг.

- осполот (мнн сультиам), тәуліктік дозасы 10 мг.

Негізгі терапия, ұзақ мерзімді.

Осы пациентті тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге көмектесуіңізді сұраймыз

Фризиум (МНН Клобазам), тәуліктік дозасы 200 мг, жылдық қажеттілік мөлшері 8 дана және Осполот (МНН Сультиам), тәуліктік дозасы 10 мг, жылдық қажеттілік мөлшері 4 дана.

Басдәрігер

мөр

ТАӘ

Денсаулық сақтау басқармасы/Облыстық денсаулық сақтау басқармаларына өтінішті емхана жолдайды. Денсаулық сақтау басқармасы/Облыстық денсаулық сақтау басқармалары қарастырғаннан кейін өтінішті, бағаны қалыптастырып құжаттарды мәслихатқа тапсырады. Мәслихат мақұлдағаннан және бір реттік импорт рәсімі бойынша ақша бөлінгеннен кейін сатып алу жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Қазақ тіліндегі нұсқасын Word ретінде жүктеп алыңыз

Орыс тіліндегі нұсқасын Word ретінде жүктеп алыңыз